Учебные материалы


лемдік экологиялық проблемалар құрылысы



Карта сайта seatonschwarz.com Уытты заттармен ластану Радирактивті заттармен ластану Жылу эффектісі Қышқыл жауындар Озонның жұқаруы Топырақтың тозуы Фотохимиялық у түтін Орманның қырқылуы Қоқыс қалдықтар Мұхиттардың ластануы Шөлге айналу Климаттың өзгеруі Биосфера құрылымының өзгеруі Биоәртүрліліктің азаюы Адам экологиясы

Мұндай улы заттар тыныс органдарын - өкпе қолқаның қызметін бұзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек,онда ауаның құрамындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі.Сондықтан өкпе тыныс жолдарының қабынуы,өкпе ісіктері,ентікпе ауруларына шалдыққандар басым.

Қоршаған орта өндірістік шығарындылар мен автокөлік у түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді.Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданатын пестицидтер жеміс жидектер арқылы адм организміне нитрат ретінде түседі.Мерзімінен ерте піскен көкөністер (қарбыз, қауын, картоп, пияз, орамжапырақ, т.б.) нитраттар көп болады.Мысалы, май айларында 2 – 3 есеге артып кетеді.Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.Нитраттардың мөлшері базарларда санэпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріліп отырады. Экологиялық таза өнімдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі.

Соңғы жылдары азық түлік құрамына химиялық бояғыш заттардың қолданылуы көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі байқалуда.Сондықтан бояғыш заттардың мөлшері және құрамына қатаң бақылау жасалып отыруы керек.

Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема деңгейінде қалып отыр. Сынап, кадмиий, қроғасын, мырыш, т.б. металдар азық түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі.Мысалы, организмде Жапонияда кадмий көбейген жағдайда кең таралған итай - итай ауруы пайда болған. Оның негізгі белгілері – бүйрек қызметінің бұзылып, сүйектің майысып, кенйде қисацып кетуі де мүмкін. Бұл аурумен бір жылдары Жапонияда 3000 адам ауырғаны тіркелген.

Жапонияның Минамата өзені бойындағы тұрғындардың 1956 жылы сынаппен уланғаны белгілі. Соның салдарынан пайда болған ауру түрін жергілікті жердің атымен минамата деп атаған Аурудың белгілері есту, көру және сөйлеу мүшелерінің қызметінің бұзылып, адамдардың халінің нашарлап, тіпті өлімге душар болуы. Оның пайда болу себепері өндіріс шығарындысы арқылы сынаптың өзенге көп мөлшерде түсуінен екендігі анықталды.

Қорыта айтқанда, табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір адамзаттың борышы болып саналады.Біздің елімізде табиғат қорғау мемлекеттік заңмен қорғалады.

Қолданылған әдебиеттер:

1)С.Әбилаев “Молекулалық биология және генетика” 2008 ж

2)Ә.Бейсенов, Ж.Шілдебаев ”Экология” 2002 ж

3)Ұ.Асқарова ”Экология және қрошаған ортаны қроғау” 2007 ж

4)Е.Қуадықов,Л.Аманжолова ”Молекулалық биология негіздері” 2008 ж

5)Е.Қуандықов, С.Әбилаев “Медициналық биология және генетика”



edu 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная